Британиялық Thomas Cook туроператоры банкротқа ұшырады

1165

Компанияның негізі 1841 жылы құрылған. 

Британиялық Thomas Cook туроператоры банкротқа ұшырады

Туристік оператор басшылығының сөзінше, бұған Брексит түрткі болған. Нақтырақ айтқанда, Ұлыбританияның Еуроодақтан келісімсіз шығу-шықпауына қатысты тұрақсыздық кесірінен жазғы турларға деген сұраныс азайып кеткен. 

Шет елдерге сапарлай кеткен компанияның 600 мыңға жуық клиенті бұдан зардап шегуі мүмкін. Ресми дерек бойынша, олардың төрттен бірі – британиялықтар. Енді туроператор қызметіне жүгінгендерді елдеріне қайтару үшін Біріккен Корольдік 750 млн доллар көлемінде қаржы бөлуге тиіс. 

Компанияның күйреуінен бірнеше елдерде қызмет етіп жүрген  20 мыңға тарта кісі адам жұмыссыз қалмақ. Оның шамамен 9 мыңы Ұлыбриятания азаматтары. Компанияға Тұманды Альбиондағы 563 кеңсесін жабуға тура келеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу