Британиялық велосаяхатшы Ақтауға келіп жетті

820

Люк Ұлыбританияның Бритоль қаласынан Қытай астанасы Бейжіңге сапарлап барады.

Британиялық велосаяхатшы Ақтауға келіп жетті

Британиялық велосаяхатшы Ақтау қаласына келіп жетті, деп хабарлайды  Egemen.kz Қазақстанның велосипед спорты федерациясы Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

"Үстіне қызыл веломайка киіп, қызғылт велосипед тепкен жігітті жолықтырсаңдар ол – Люк. Люк үш дөңгелекті тандеммен (екі адам мінетін веломсипед) Ұлыбританияның Бритоль қаласынан Қытай астанасы Бейжіңге сапарлап барады. Бұл сапарды "3 дөңгелек. 30 мемлекет. 30 000 шақырым. 300 000 фунт стерлинг" деп қысқаша сипаттауға болады", – деп жазылған хабарламада. 

4 жыл бұрын Люк сырқаттанып, оған сирек әрі ауыр саркома түрі (сүйектің қатерлі ісігі) деген диагноз қойылған. Бристольден Бейжіңге дейінгі сапар – оның ракпен ауырған адамдарды толыққанды әрі қызықты өмір сүруге жігерлендіру амалы және өзінің арманын орындау.

"Қазір Люк Ақтау қаласына келіп жетті, біз оған Қазақстан визасын рәсімдеуге көмектестік, ал Сергей Колганов онымен тандем великті бірге тепті. Таяуда саяхатшы Өзбекстанға аттанады, сосын Қазақстанға қайта оралып, Шымкент, Тараз, Алматы және басқа да қалаларға соғып өтеді", – делінген жазбада. ⠀ 

Қазақстандықтар Люктің Instagram-дағы аккаунтында қолдау білдірген көптеген жазба қалдырған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу