Британиялықтар вакцинаның үшінші дозасын егуі мүмкін

780

Екі доза арасындағы уақыт үкіметтің шешімі бойынша үш аптадан үш айға дейін созылған болатын.

Британиялықтар вакцинаның үшінші дозасын егуі мүмкін Фото: reuters.com

Британия билігі індеттің таралуын тежеу үшін жасы 50-ден асқан азаматтарға күзде вакцинаның үшінші дозасын егуді ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.  

Қазір бас санитарлық дәрігер Крис Уиттидің басшылығымен осыған қатысты сынақ жүргізіліп жатыр. Күзде коронавирустың жаңа штамдарымен күресу үшін арнайы өзгертілген вакциналар қолданылуы мүмкін. Немесе бұған дейін мақұлданған Pfizer/BioNTech, AstraZeneca, Moderna вакциналарының біреуі егіледі. Қазір британиялықтар осы препараттарды қабылдауда. Халықты қысқа мерзімде вакцинациялау үшін екі доза арасындағы уақыт үкіметтің шешімі бойынша үш аптадан үш айға дейін созылды.

Сәуір айында Біріккен Корольдікте коронавирустың қауіпті штамы анықталған еді. Оның үстіне бұл елде оңтүстікафрикалық штамм таралып жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу