Британияның жаңа премьер-министрі Украинаға бұрынғыдай қолдау көрсетілетінін айтты

525

Британияның жаңадан сайланған Премьер-министрі Риши Сунак Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы тілдесіп, Украинаға корольдік тарапынан бұрынғыдай көмек көрсетілетінін айтты.  

Британияның жаңа премьер-министрі Украинаға бұрынғыдай қолдау көрсетілетінін айтты Фото: eadaily.com

Соғыс басталғалы үшінші рет үкімет жетекшісін ауыстырған Британия Ресейге қарсы қысымды күшейтіп, Украинаға қару-жарақ жіберу мен қаржылай көмек көрсетуде жетекші орынға ие болған. Сунак жақын уақытта Зеленскиймен жеке кездесетінін, осы елдің энергетикалық нысандарының  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек беретінін хабарлады. Айта кетейік, бар болғаны 1,5 ай ел басқарған Лиз Трастың орнына күні кеше бұрынғы банкир, Қаржы министрлігін басқарған 42 жастағы Риши Сунак тағайындалды.

<p> 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу