British Airways қызметкерлерінің 30%-ын жұмыстан шығармақ

665

12 мың адам жұмыссыз қалады.

British Airways қызметкерлерінің 30%-ын жұмыстан шығармақ

British Airways алдағы уақытта штаттағы қызметкерлерінің шамамен үштен бірін қысқартуды жоспарлауда. Бұған IAG әуе тасымалдаушысының болжамы түрткі болып отыр. Компания жолаушылар легінің қатары бірнеше жылдан кейін ғана 2019 жылғы деңгейге қайта оралады деген пікірде. 

"Covid-19 вирусының қазіргі операцияларға тигізген кері әсері мен жолаушылар сұранысының қайта жандануына бірнеше жыл кетеді. Осы орайда British Airways кәсіподақтарға ресми түрде қайта құрылымдау бағдарламасын ұсынады", – дейді IAG өкілдері.

Осылайша компанияда қызмет ететін 42 мың адамның 12 мыңы жұмысынан айырылуы мүмкін. Дегенмен Balpa деп аталатын елдегі кәсіподақ өкілдері штаттың қысқаруына жол бермейміз деп отыр. Бұған дейін әуе компаниясының табысы бірінші тоқсанда 13%-ға азайып, 4,6 млрд еуроға дейін төмендегені жарияланған еді. Басшылық екінші тоқсанда бұл көрсеткіш бұдан да нашар болуы мүмкін деп топшылады.

Еске сала кетсек, сәуір айында British Airways 22626 қызметкерін арнайы бағдарлама аясында жұмыстан босатты. Десе де олар табыссыз қалмады. Үкімет оларға уақытша жұмыссыз қалғаны үшін арнайы өтемақы, яғни жалақыларының 80%-ын төлеп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу