Британиялық British Airways авиакомпаниясы ұшаққа отырар алдында жолаушыдан төлқұжат талап етпейтін болды, жолаушылардың кім екенін анықтау үшін биометрикалық сәйкестендіру жүйесін пайдаланбақ, деп хабарлайды ТАСС.
The Daily Telegraph басылымының ақпаратына сүйенсек, арнайы жабдық лондондық Хитроу әуежайының 5 терминалында үш жерде орнатылған. Келесі айда осындай құрылғы 33 жерде орнатылады.
Жаңа құрылғы алдымен ішкі рейс жолаушыларына қолжетімді болады. Содан кейін халықаралық рейстерде пайдаланылады. Мұндай жүйе жолаушыларды отырғызу кезінде уақытты қысқартады және қателесуге жол бермеуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияға дейін мұндай шара АҚШ-та енгізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу