British International Open: Илья Ильин чемпионаттың күміс медалін иеленді

751

Британдық Ковентриде ауыр атлетикадан халықаралық "British International Open" турнирінің бірінші жарыс күні аяқталды. 

British International Open: Илья Ильин чемпионаттың күміс медалін иеленді Фото: olympic.kz

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин турнирдің күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Илья 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстанның намысын қорғады. Ол қоссайыс нәтижесі бойынша 350 келіні (165+185) бағындырып, екінші орынды қанағат тұтты.

Айта кетерлігі, бұған дейін ашық біріншіліктің "алтынын" Денис Уланов алғанын хабарлаған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу