Бритни Спирс әкесімен соттаспақ

814

Ол әкесі Джеймс Спирстің әрекеттерін сынға алды.

Бритни Спирс әкесімен соттаспақ

Америкалық әнші Бритни Спирс соттан әкесінің оған көрсетілетін қамқорлығын тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz CNN арнасына сілтеме жасап.
39 жастағы Спирс телефон арқылы  сотта оған әкесінің тарапынан көрсетілетін қамқорлығы туралы сөз сөйледі.

"Мен жаралымын. Мен бақытсызбын. Мен ұйықтай алмаймын", – деді әнші.
Өз сөзінде Спирс отбасының, әсіресе әкесі Джеймс Спирстің әрекеттерін сынға алды. "Мен 17 жасымнан бері жұмыс істеймін.Мен қамқорлықтың заңды түрде тоқтатылғанын қалаймын", – деп ағынан жарылды ол.

Бритни Спирс – әлемдегі ең танымал әншілердің бірі. Ол АҚШ-та концерттері мен таспалары ең көп сатылатын әнші ретінде танылды. Спирс шоу-бизнестегі ең бай әйел адамдар арасында 12-ші орынға ие болды.

Бұрын алкоголь және есірткімен әуестенген әншінің психикалық денсаулығы 2007 жылы күйеуі Кевин Федерлайннен ажырасқаннан кейін нашарлап кетті. Спирс пен Федерлайн 2004 жылғы қазаннан 2007 жылғы шілдеге дейін заңды некеде болды. Олардың екі ұлы бар.

Джеймс Спирс пен адвокат Эндрю Уоллет 2008 жылы заңды түрде Бритни Спирске уақытша қамқорлық көрсету құқығына ие болды.Содан кейін қамқорлық көрсету мерзімі белгісіз уақытқа дейін ұзартылды. 2019 жылы Бритнидің әкесі оның жалғыз қамқоршысы атанды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу