Қазақстанның валюталық қор биржасына енді брокерлік ұйымдар да тартылады. Бұған "Валюталық реттеу мен бақылау туралы" заңнамаға еңгізілгелі отырған өзгертулер мүмкіндік беруі тиіс. Ұлттық банк қазір оның тұжырымдамасын бекітуде. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың мәлімдемесіне қарағанда, өзгертілген заң, бірінші кезекте валюталық нарықты толық қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, форекс-компаниялар мен дилингтік орталықтардың да ортақ талапқа сәйкес әрекет етуіне қосымша міндеттемелер жүктейді. Әйтпесе, бұған дейін брокерлердің дені қор алаңында лицензиясыз жұмыс істеп келген. Ең бастысы - инвесторлық кеңестіктер ашылмауы тиіс. Заң жобасы алдағы күзде қос палатаның қарауына жіберіледі деп жоспарланған.