Брокерлердің капиталына сараланған талаптар енгізілді

Жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 30 млн теңгені құрайды.   

Брокерлердің капиталына сараланған талаптар енгізілді Фото: google

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

"Әр түрлі тұтынушыларға алуан түрлі қызмет көрсететін брокерлерді құру, сондай-ақ брокерлік қызметтердің географиясын кеңейту үшін Агенттік брокерлердің капиталына сараланған талаптар енгізді", – деп жазылған хабарламада.

Ақпаратқа сүйенсек, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлер үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 30 млн теңгені құрайды. Клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлер үшін – 150 млн теңге.

"Меншікті капиталының ең жоғары мөлшері қызметті зейнетақы активтерін басқарумен қоса атқаратын брокер үшін 3 млрд теңге мөлшерінде белгіленген. Бұл ретте басқарудағы зейнетақы активтерінің көлемі ұлғайған жағдайда меншікті капиталдың мөлшері де ұлғайтылуға тиіс. Бұл ретте бұрын брокерлер үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін айқындауға бірыңғай тәсіл қолданылды, ол 183 млн теңгеден бастап құрады. Қабылданған шаралар брокерлердің нарыққа шығуына кедергілерді азайтуға және брокерлер арасындағы бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасы мен құнына оң әсер етеді", – деп хабарлады Агенттік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу