Бруцеллез азайып, құтырма ауруы көбейді

903

7,1 млрд теңгеге 148,2 млн доза вакцина сатып алынды.

Бруцеллез азайып, құтырма ауруы көбейді

Соңғы 9 айда жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы 122,2 млн манипуляция жүргізілді. 7,1 млрд теңгеге 148,2 млн доза вакцина сатып алынды. Ветеринариялық препараттың шамамен 60%-ы отандық өндіріске тиесілі болды. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров осылай деді. 

"Ел аумағына аса қауіпті 68 аурудың таралу қаупі төніп тұр. Оның 45 түрі бойынша Қазақстанда эпизоотиялық ахуал саламатты, 23 түрі бойынша диагностикалау және вакциналау бағытында арнайы ветеринариялық-профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, жануарлардың аса қауіпті бірқатар ауруларының таралуы бәсеңдеді. Сібір жарасы мен Ньюкасл ауруы бойынша эпизоотиялық ахуал саламатты болып тұр", – деді министр.

Сапархан Омаровтың сөзінше, өткен жылмен салыстырғанда ел аумағында бруцеллез ошағының азайғаны, ал құтырма ауруы бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруы ошағының көбейгені байқалады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу