Бруцеллезге байланысты Қарағанды облысындағы ауылда шектеу енгізілді

440

Мәди ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" тиісті шешімі "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Бруцеллезге байланысты Қарағанды облысындағы ауылда шектеу енгізілді Фото: google.com

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Мәди ауылдық округінде ірі қара малдан бруцеллез ауруы анықталды, деп жазады inbusiness.kz. 

"Қарқаралы ауданы, Мәди ауылдық округінің аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін", - делінген ауылдық округ әкімінің шешімінде.

Құжатқа қоса берілген ұсыныс хатқа сәйкес, ірі қарадан бруцеллезді анықтау мақсатында алынған 15 сынаманың үшеуі оң нәтиже көрсеткен. Бұдан бөлек Мәди ауылдық округінде өткен жылдарда ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті аурулары тіркелмегендігі айтылады. 

Шешім 12 шілдеден бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу