Бруней тарихында алғаш рет министр лауазымына әйел адам тағайындалды

766

Ел сұлтаны бірнеше министрді отставкаға жіберіп, алдағы төрт жылға арналған үкімет құрамын жариялады. 

Бруней тарихында алғаш рет министр лауазымына әйел адам тағайындалды

Бруней сұлтаны Хассанал Болкиах үкімет құрамына кадрлық өзгерістер енгізіп, ел тарихында алғаш рет министр лауазымына әйел адамды тағайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz The Straits Times газетіне сілтеме жасап. 

"Білім министрі қызметіне Ромайза Салеха кіріседі", – деді ол.

Енді Салеха бұл ведомствоны төрт  жыл басқарады. Ал негізгі лауазымдарды, яғни премьер-министр, қорғаныс министрі, сыртқы істер министрі, сондай-ақ қаржы және сауда министрі қызметін әлі де сұлтанның өз атқаратын болды.

Бұл жолы отставкаға ІІМ басшысы Аван Абу Бакар, бастапқы ресурстар және туризм министрі Али Опон, даму министрі Сухаими бен Гафар жіберілді.

75 жастағы Хассанал Болкиах 1967 жылдың қазан айында сұлтан болып жарияланды. Бір жылдай өткеннен кейін ол таққа отырды, атқарушы билікті 1984 жылы қолына алды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу