Әлібек Қуантыров Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Сакенұлы Қуантыров сыртқы істер министрінің орынбасары боп тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Нәзира Нұрбаева атқарды.
Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған. Томск мемлекеттік университетін және Мичиган университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.
2005-2010 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2010-2013 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.
2013 ж. — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.
2013-2019 жж. — ҚР Президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.
2022-2024 жылдар аралығында ол ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.
2024 жылы сәуірде Kazenergy қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды.