Брюссельде белгісіз біреу полиция қызметкерлеріне пышақпен жүгірген

632

Тергеуді терроризмге қарсы полиция бөлімі жүргізуде. 

Брюссельде белгісіз біреу полиция қызметкерлеріне пышақпен жүгірген Фото: interfax.ru

Бір полиция қызметкері алған жарақатынан қайтыс болды, екіншісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC сілтемесімен.

"Біз істің мән-жайын әлі анықтап жатырмыз. Террористік акт болуы да мүмкін. Тергеу органдары дұрыс-бұрысын хабарлауы тиіс", - полиция өкілі Эрик ван Дьюсен.

Брюссельдің Солтүстік станциясының жанында қала көшелерін күзетіп жүрген полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Екі полицейді жаралап, бірінің өліміне себеп болған шабуылдаушыны басқа полиция патрулі келіп тоқтатты. Бельгиялық БАҚ-тың хабарлауынша, шабуылдаушының өзі оқтан жарақат алып, кейін ауруханада қайтыс болған. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу