Брюссельде Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің отырысы өтеді

631

Күн тәртібінде – Норманд форматындағы кездесу. 

Брюссельде Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің отырысы өтеді

Бельгия астанасында Еуроодаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлері бас қосады. Отырыс қауымдастықтың жаңа басшысы Жозеп Боррельдің жетекшілігімен өткізілмек. 
Тараптар алдағы ЕО саммиті, Боливиядағы дағдарыс, ирандық ядролық бағдарламаға қатысты бірлескен жоспар, сондай-ақ төрттіктің Норманд форматында өтетін саммитіне қатысты пікір алмаспақ. 

Айта кетейік, Еуроодақ институттарының басшылығы 1 желтоқсанда ауысқан болатын. Нақтырақ айтқанда, одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы өкілі Федерика Могерини қызметінен кеткен еді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу