Брюссельдегі еврейлерді жаппай қуғындаудың 75 жылдығы аталып өтілді

809

Брюссельдегі еврейлерді жаппай қуғындаудың 75 жылдығы аталып өтілді

Жексенбі күні Брюссельдегі Маролль тарихи кварталында гитлерлік режимге қарсы күреске қатысқан жас неміс, Бельгияға эмиграцияланған Гершел Гринспан атындағы алаңның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

 Бұл жексенбідегі еске алу салтанатының басты шарасы болды. 1942 жылдың 3 қыркүйегінде Германияның нацистік режимінен қашқан еврейлер мен шетелдіктер дәл осы кварталға келіп бой тасалаған еді. Аталған тарихи оқиғаға биыл 75 жыл.

718 адам қамауға алынып, жүк көліктеріне отырғызылып, депортацияланды. Холокоста тарихшыларының деректеріне сүйенсек, дәл сол күні кешкілік неміс әскері кварталды толықтай қоршап алды. Әрбір үй тінтілді. Басқыншылар қашып яки тығылып үлгермен жас-кәріні ұстап алып, қорқытты.

Оларды Мехелен қаласындағы казармаға жеткізді. Бұл - пленге түскендердің Османцим өлім лагеріне дейінгі соңғы кезеңі.

Жексенбі күні БАҚ өкілдерінің жазуынша, Брюсселдің сол кездегі билігі еврейлерді қоршауға алуда басқыншыларға көмектесуден бас тартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу