Брюссельдегі лаңкестік әрекетті ұйымдастырған содырлар ұсталды

831

Брюссельдегі лаңкестік әрекетті ұйымдастырған содырлар ұсталды

Бельгия полициясы Брюссельде лаңкестік әрекет ұйымдастырған содырдың 4 сыбайласын қамауға алды, деп хабарлайды 24.kz.

Арнайы операция алдымен қалада кейін шаһар төңірегінде жүргізілген.

Естеріңізге сала кетсек 20 маусымда ел астанасындағы орталық вокзалда бомба жарылған еді. Жарылыс күші әлсіз болғандықтан қаскөйден басқа ешкім жапа шеккен жоқ. Оқиға орнына келген күштік құрылым өкілдері лаңкестің көзін жойған. Ол 36 жастағы Марокко тумасы болып шықты. Прокуратура мәліметі бойынша, қаскүнем бомбаны тұрып жатқан пәтерінде жасапты. Оқыс жағдайдан кейін жергілікті билік вокзалдар мен метродағы қауіпсіздік шараларын күшейтті.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу