Брюссельдегі шоколад көрмесіне 150 кондитерлік фабрика қатысып жатыр

1068

Брюссельдегі шоколад көрмесіне 150 кондитерлік фабрика қатысып жатыр

Бельгия астанасы Брюссельде дәстүрлі шоколад көрмесі ашылды. Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған шараға елдегі кәмпит шығаратын 150 кондитерлік фабрика қатысып жатыр, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Бір жылда 10 келі тәтті жейтін бельгиялықтардың назарын аудару үшін кәсіпорындар шоколадтан неше түрлі бұйымдар әзірлеген. Мәселен, 1958 жылғы Брюссельдегі "ЭКСПО"-ға салынған "Атомиум" кешенін жасауға кондитерлер 25 келі тәтті мен 50 сағат жұмсапты. Сондай-ақ, биыл кондитерлер тұңғыш рет қызыл күрең түсті шоколадтың жаңа түрін көпшілікке ұсынды. Какаоның "Ruby" атты түрінен жасалған өнімнің түсі, дәмі табиғи, еш қоспасыз. Сәуірде сатылымға шығарылады.

Шара барысында жұрт тәттіден тігілген киім үлгілерін де тамашалады. 

"Бұл үлкен көрме. Әйгілі кондитерлік фабрикалардың бәрі осында. Соларды көру үшін, бельгиялық шоколадтың дәмін тату үшін арнайы Испаниядан келдім. Тәттілерді тегін таратып, шеберлік сабақтарын беріп жатыр", - дейді турист.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу