Бас мүфти Саудияда болды

632

Бас мүфти Саудияда болды

Саудия Корольдігінің ислам істері бойынша министрі Шейх Салих бин Абдул Әзиз бин Мухаммед Әл-Шейх пен Қазақстанның бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз бастаған делегация кездесті, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты. 

Кездесу барысында министр Корольдік пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың айрықша екендігін атап, осы сапардың өзі екі бауырлас елдің арасындағы ерекше қарым-қатынасты қуаттай түсетіндігін тілге тиек етті. Өз кезегінде, бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Қазақстан мен Корольдік арасындағы әр түрлі: мәдени және діни салалардағы ынтымақтастыққа алғысын білдіріп, осы қатынастардың бүгінде нығайып, дами түскендігін атады. Сонымен қатар, Әл-Шейхті Қазақстанда өтетін "Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне" қатысуға шақырды.

Бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір алмасқан тараптар кездесу соңында өзара естелік-сыйлақтармен алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу