БТА банкі Казком алдындағы қарызын өтеді

830

 БТА банкі  Казком алдындағы қарызын өтеді

2017 жылы 3 шілдеде "БТА Банк" АҚ-ы "Казкоммерцбанк" АҚ-ның 2,4 трлн теңге сомасында берілген қарызды өтеді. Банк алдындағы 64,8 млрд теңге көлеміндегі қалған қарыз қалыптастырылған провизия есебінен шығарылды, деп хабарлайды Казкомның баспасөз қызметі.

"Сонымен 2017 жылдың 3 шілдедегі жағдай бойынша "БТА Банк" АҚ-ның Банк алдындағы қарызы толығымен өтелді. "БТА Банк" АҚ–на ұсынылған займ Банк үшін жасалуында мүдделілігі бар ірі мәміле және Банкпен ерекше қатынас арқылы байланыс тұлғамен мәміле болып табылады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, БТА тарапының қарызды жабуы Қазком мен Халық банк арасындағы 96,81% акцияны сату-сатып алу шарттары аясында болып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу