Буаз киіктер атылып жатыр ма? - министр жауабы

244

Қазіргі таңда елімізде 2,5 млн киік бар. 

Буаз киіктер атылып жатыр ма? - министр жауабы Фото: Inbusiness.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтуынша, қыркүйектен бастап желтоқсанның соңына дейін аңшылыққа рұқсат берілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Биылғы ақпанның 20-сынан бастап атуды тоқтатамыз. Киікті тек буаз күйінде атып жатырмыз деп айтуға болмайды. Онда біз жалпы аңшылықты тоқтатайық. Киікті буаз кезінде атуға менің де қолым бармас еді. Биыл мамыр айында киіктің 40 пайызы төлдейді. Ол қой сияқты емес, киіктің бәрі төлдейді деген сөз емес. Биыл орта есеппен 40 пайызы төлдегенде, 800 мыңдай қосылады. Әр жағын есептеңіздер. 3 млн 300. 2025 жылы тағы 1 млн қосылсын. Сонда 4 млн-нан асып кетеді. Сонда не болады?”, - деді ол.

Сөзінше, мұндай оқиғалар дүние жүзінде болған.

“Мәселен, АҚШ-тың Йеллоустон ұлттық паркінде өткен ғасырда әр қасқырды қыру америкалықтың міндеті болатын. Аяғында не болды? Бұғы көбейді. Салдарынан бұғы шөптің бәрін жеп, таптап, ағаштың бәрін қырып, табиғатқа өзінің теріс әсерін тигізе бастады”, - деп түсіндірді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу