Бублик пен Голубев Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты

846

Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Бублик пен Голубев Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық жұп үшінші айналымда Франция ашық чемпионатының 11-ракеткалары, нидерландылықтар Уэс Колхоф - Жан-Жюльен Ройермен кездесті.

Бірінші партияда Бублик пен Голубев тай-брейкте айқын басымдылық көрсетті - 7:6 (7:2).

Екінші сетте нидерландылықтар брейк жасап, соны сақтап қалды - 6:3.

Үшінші, шешуші партияны қазақстандықтар брейкпен бастады - 2:0. Ақыры осы басымдылықты уысынан шығарған жоқ - 6:4. Тартысты бәсеке 2 сағат 10 минутқа созылды.

А.Бублик пен А.Голубев "Үлкен дулыға" турнирінің жартылай финалына шығу үшін монаколық Хьюго Нис - германиялық Тим Пюц немесе тағы бір монаколық Ромен Арнеодо - франциялық Бенуа Пэр жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу