Қазақстан командасының үздігі Александр Бублик 39-орнын сақтап қалды. Михаил Кукушкин бес сатыға сырғып, 132-орынға тұрақтады.
Ерлер арасында Новак Джокович (Сербия) көш бастап тұр. Екінші орында ресейлік Даниил Медведев, үшінші сатыда испандық Рафаэль Надаль.
Әйелдер командасының үздігі Елена Рыбакина 20-орында. Юлия Путинцева 35-сатыға оралса, Зарина Дияс ТОП-100 қатарынан шығып қалды.
Рейтингте австралиялық Эшли Барти көш бастап тұр. Екінші орында жапониялық Наоми Осака, үшінші сатыда Беларусь өкілі Арина Соболенко орналасқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу