Бұдан былай әділеттілік, ашықтық және жанашырлық қағидаттары қатаң сақталады – Қасым-Жомарт Тоқаев

813

Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңдарға жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұдан былай әділеттілік, ашықтық және жанашырлық қағидаттары қатаң сақталады – Қасым-Жомарт Тоқаев

"Конституциялық реформа Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындады. Сондай-ақ соңғы үш жылдағы саяси өзгерістерді орнықтырып, мемлекетімізді одан әрі нығайту үшін мықты негіз қалады. Бұдан былай әділеттілік, ашықтық және жанашырлық қағидаттары қатаң сақталады. Біз референдум арқылы бұрын-соңды болмаған сыртқы және ішкі сын-қатерлерге төтеп бере алатынымызды дәлелдедік. Конституциялық реформаны нақты жүзеге асыра бастадық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу