Бұдан былай Ауғанстанда көшеге шығып наразылық білдіруге болмайды

53 баптан тұратын құжатта Талибан билігі полицияның орнына "шурта" деп атайтын құрылым өкілеттігі кеңейтілген.  

Бұдан былай Ауғанстанда көшеге шығып наразылық білдіруге болмайды Фото: nytimes.com

Осылайша, "Талибан" қозғалысы жаңа полиция заңына сай, Ауғанстандағы барлық демонстрацияға ресми түрде тыйым салып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жаңа заң бейбіт қоғамдық наразылық акцияларының құқықтық негізін жояды және қауіпсіздік күштеріне топтың ережелеріне қайшы келетін жиындардың алдын алу үшін кең өкілеттіктер сыйлайды. 

Өзгеріс Ауғанстан билігі көтеріліс немесе қарулы қылмыс деп анықтаған жағдайда қару қолдануға мүмкіндік береді.

Заң күдіктілерді шақыру, тұтқындау және ұстау рәсімдерін ретке келтіреді. Яғни, полиция қылмысты тергеу үшін адамды 10 күнге дейін ұстау мүмкіндігіне ие, ал одан әрі ұзарту үшін соттың мақұлдауы керек. 

Заңда ұсталғандарға қатысты шектеулер нақты жазылған. Полиция қызметкерлеріне күдіктілер мен тұтқындарды таяқпен, кабельмен ұрып-соғуға немесе сот шешімінсіз азаптауға тыйым салынады. 

Десе де, адам құқықтары жөніндегі ұйым мен БАҚ соңғы 5 жылда Талибан күштерінің тұтқындарды азаптауы мен оларға қатыгездікпен қарауы туралы бірнеше рет хабарлаған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу