Енді тұрғындардың бір бөлігі азық-түлікті арзанға сатып ала алады

Бұл атаулы әлеуметтік көмек алатын қазақстандық отбасыларға тікелей қатысты. 

Енді тұрғындардың бір бөлігі азық-түлікті арзанға сатып ала алады Фото: freepik

Енді оларға азық-түлік ваучерлерін беру жобасы жұмысын бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, тұрмысы төмен тұрғындар азық-түлікті 15 пайыз сауда үстемесіз сатып алу мүмкіндігін иеленеді. 

– Пилоттық жоба аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлері беріледі. Ваучер әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сауда үстемесіз сатып алуға мүмкіндік береді. Пилотты Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында жүргізу жоспарланып отыр. Оған 5 мыңға жуық атаулы әлеуметтік көмек алушы кіреді, – деді министр Арман Шаққалиев. 

Еске салайық, аталған жоба Парламент депутаттарынан қолдау тапқан әрі қоғамдық талқылаудан да сәтті өтіп отыр. 

Өз кезегінде Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын 15% сауда үстемесін бақылауды күшейте түспек. Сол секілді, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын талдау модулі қарқынды жүзеге аспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу