Бұдан былай Қазақстан аумағында 35 елдің вакцина паспорты

1459

ҚР бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушының Қазақстан аумағында жарамды шетелдік вакцина паспорттарының тізімі белгіленген қаулысы шықты.  

Бұдан былай Қазақстан аумағында 35 елдің вакцина паспорты

Қаулы мәтінінде вакцина паспорты мен сертификаты Қазақстан аумағында жарамды деп танылған 35 мемлекеттің аты бар.

"Осы қаулымен бірге жарияланған қосымша бойынша Аргентина Республикасында, Белизде, Боливия мемлекетінде, Ұлыбританияда, Мажарстанда, Грузияда, Индонезия Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасында, Эквадор Республикасында, Эстония Республикасында және Жапонияда берілген коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация паспорттары/ сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын", - деп жазылған құжатта. Құжаттың толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу