Мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын сұрай алмайды, деп хабарлайды Atameken Business.
Оны "Азаматтарға арналған үкіметтің" филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды.
Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.
Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады.
Бұған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы сараптама жүргізіп, қазақстандықтардың жыл сайын әртүрлі ұйымдарға ұсыну үшін 20 миллионнан астам анықтаманы басып шығаратынын анықтады. Олардың жартысына жуығы – мекенжай анықтамалары. Мекенжай анықтамалары негізінен жұмысқа орналасу, балаларды мектеп пен балабақшаға тіркеу, банк қызметтерін алу кезінде, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін сұратылған. Осылайша, мекенжай анықтамаларының күші жойылған кезде азаматтардың ХҚО-ға келу саны 10 миллион есе азаяды.