Жобаға қатысу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің сөзінше, жоба республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын тексеруге бағытталған.
Осылайша, еліміздің әрбір азаматы салынып жатқан республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша қоғамдық бақылауға қатыса алады.
– "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы өз кезегінде анықталған кемшіліктер мен мәселелерге ден қойып, оны қысқа мерзімде шешуді қамтамасыз етпек, – деді Дархан Иманашев Астанада Орталық Коммуникациялар Қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Нысандарды аралау кестесін "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының ресми сайтынан көруге болады.