Будапешт пен Баку саяси келісімге қол қойды, оған сәйкес Әзербайжан газын Венгрияға жеткізу көлемі шамамен 1 миллиард текше метрге дейін артады, деп жазады Inbusiness.kz.
Бұл туралы өткен жексенбіде Еуропа елінің Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийярто мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2023 жылдың төртінші тоқсанында Венгрия 100 млн текше метр газ сатып алады.
Венгрия дипломатиясының басшысы сондай-ақ Венгрия резервуарларында 50 млрд текше метр Каспий газын сақтау туралы шартты атап өтті.
Сийярто Венгрия ұзақ уақыт бойы Әзірбайжанмен ынтымақтастықты дамытқанын және саяси келісім газ жеткізілімін миллиард текше метрге дейін арттыруды көздейтінін айтты.