Будапеште Оңтүстік Кореяның 7 азаматы өзенге батып кетті

955

Туристер мінген кеме апатқа ұшырап, 19 адам әлі іздестірілуде.

Будапеште Оңтүстік Кореяның 7 азаматы өзенге батып кетті

Венгрия астанасында саяхаттап жүрген Оңтүстік Кореяның 7 азаматы Дунай өзеніне батып кетті. Біразы құтқарылған, ал 19 адам әлі іздестірілуде, деп хабарлайды Atameken Business.

Апатқа екі кеменің соқтығысуы себеп болыпты.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, онда оңтүстік кореялық 33 турист пен 2 экипаж мүшесі болған. Қазір су астынан іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жақында ғана нөсер жауғандықтан, өзен ағысы қатты. Сол себепті құтқарушыларға бұл жұмыс оңайға соқпай жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу