Мажарстандағы ең үлкен алаң – Ласло Папп спорттық аренасында аншлаг. 77 елден келген әншінің жанкүйерлері Dears фандомының бірдей футболкалары, жилеттері, шарфтары мен басқа да түрлі-түсті атрибуттарымен көзге көрінді, деп жазады inbusiness.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
Димаштың репертуарындағы әндер әр елдің авторларының шығармаларының жиынтығы. Әр елдің өнері тоғысқан концерт, әрине, әртүрлі тілде сөйлейтін адамдардың назарын аудартатыны анық.
Шоу-бағдарламада еуропалық авторлардың "GOLDEN" және "S.O.S D’UN TERRIEN EN DÉTRESSE" Димаштың вокалдық және актерлік шеберлігі біріктірілген қытай және жапон композиторларының "BATTLE OF MEMORIES", "JUST LET IT BE" и "AUTUMN STRONG" атты шығармаларымен органикалық түрде үйлеседі.
Димаштың гастрольдік сапарының басты мақсаттарының бірі – көрермендерді Қазақстанның дәстүрлі және заманауи мәдениетімен таныстыру болатын. Осы негізде, халық әндері "ДҰРДАРАЗ" бен "ДАЙДИДАУ" және "АДАЙ" күйімен қатар сахна төрінен белгілі қазақстандық авторлардың әндері: Еділжан Ғаббасовтың Джордан Аракелянның сөзіне жазған "FLY AWAY" әні, Айгүл Бажанова мен Мұнайдар Балмолданың "МАХАБАТ БЕР МАҒАН" әні және Димаштың інісі Әбілмансұр Құдайбергеннің "TOGETHER" атты алғашқы композициялық туындысы шырқалды.
Димаштың келесі концерті 24 мамырда Ыстамбұлда әншінің 30 жылдығында өтеді.