banner

Будда монахтары есірткімен ұсталды

662

Будда монахтары есірткімен ұсталды

Мьянманың байырғы тұрғындары – рохиньялық мұсылмандарды қан қақсатқан будда радикалдары есірткімен қолға түсті. Дәлірек айтсақ, олардың көліктері мен ғибадатханаларынан 4 миллионнан астам метамфетамин таблеткасы табылған.

Полицейлер Арсара Мин Наинг есімді монахты тоқтатып, көлігінен көп мөлшерде есірткі тауып, артынан ғибадатханасын да тінтиді. Тексеру кезінде оның екі сыбайласын да ұстайды. Будда радикалдарынан жарылғыш заттар мен өзге де қару-жарақ тәркіленген, деп хабарлайды Al Jazeera басылымы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу