Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бадминтоншы Дмитрий Панарин өз тобындағы екінші кездесуін жеңіспен аяқтады деп жазады Olympic.kz.
Панарин Фиджим аралдарының өкілі Ким Чанг Хоны 2:0 (21:5, 21:3) есебімен жеңді.
Бірінші айналымда Дмитрий молдовалық Кристиан Савинді 2:1 есебімен жеңген болатын.
Өз тобындағы соңғы кездесуде жерлесіміз жапондық Нарока Кодайға қарсы кортқа шығады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу