Буэнос-Айрес: Ел қоржынына алғашқы "алтын" түсті

562

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бекарыс грузин спортшысы Илиа Сулуманидзені қосымша уақытта жеңді.

Буэнос-Айрес: Ел қоржынына алғашқы "алтын" түсті

Қазақстандық дзюдошылар Маргарита Гриценко мен Бекарыс Сәдуақас Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы жүлделерді салды, деп хабарлайды Olympic.kz.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бекарыс грузин спортшысы Илиа Сулуманидзені қосымша уақытта жеңді.

"Жақсы көңіл күйде тұрмын. Олимпиада ойындары үлкен жарыс. Қуаныштымын осы жеңісіме. Қазақ еліне құтты болсын деймін. Финалдық кездесу қиын болды. Грузин палуанының күші көп. Сондықтан кішкене шаршап қалдым. Қосымша екі минут күрестік. Қарсыласымды "ваззари" әдісіне салып, жеңіске жеттім",- деді Бекарыс Сәдуақас.

78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Маргарита Гриценко шешуші кездесуде неміс дзюдошысы Рафаэлла Иглдан жеңіліп, күміс медальге қол жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу