Буэнос-Айресте Қазақстан спортшылары қанша жүлде алды

1161

 Буэнос-Айрестегі (Аргентина) үшінші жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан спорттық делегация елге оралды.

Буэнос-Айресте Қазақстан спортшылары қанша жүлде алды

"Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында Буэнос-Айрестегі (Аргентина) үшінші жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан спорттық делегацияны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды olympic.kz.

"Қазіргі көңіл-күйімді сөзбен жеткізе алмаймын. Түн жарымына қарамастан бізді күтіп алуға қанша адам келген?! Тіпті, көзіме жас алдым. Бізге қолдау көрсетіп, біз үшін тақым қысқан барша ағайынға рахмет!  Жанкүйерлердің сенім үдесінен шыға алғанымыз үлкен бақыт", - дейді Олимпиада чемпионы, велоспортшы Глеб Брусенский. 

Қазақстан құрама командасы сапындағы ең жас спортшылардың бірі Роза Абитова халықаралық команда сапында Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Ол өзіне қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді. 

"Жырақта жүріп жеңіп алған медальдің қаншалықты бағалы екенін елге келген соң түсінесің. Мұндай сәттерде саған көрсетілген қолдау өте маңызды. Елімізде біз үшін қуанатын адамдар көп. Міне, сол жандар үшін де жеңіске жеткім келеді. Алға, Қазақстан!", - деп ағынан жарылды дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Маргарита Гриценко. 

Еске сала кетейік, Буэнос-Айресте Қазақстан спортшылары төрт алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Одан бөлек, халықаралық команда сапында жас спортшыларымыз 1 күміс және 1 қола медаль иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу