Буэнос-Айресте мыңдаған адам жарықсыз қалды

141

Электр қуатына деген сұраныс әдеттегіден жоғары болған.  

Буэнос-Айресте мыңдаған адам жарықсыз қалды Фото: РИА Новости

Аргентинада аптап ыстық кезінде Буэнос-Айрестің ондаған мың тұрғыны жарықсыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

31 желтоқсанда таңертеңгі жағдай бойынша электр қуатының үзілуі 40 024 тұтынушыға әсер еткен. Жарық электр энергиясының шамадан тыс көп тұтынылуы себебінен өшкен. Тұрғындар аптап ыстыққа байланысты жаппай кондиционерлерді қосқан.

"Боскес" қосалқы станциясындағы апат салдарынан ел астанасындағы және қала маңындағы бірнеше тарату тораптарында ақау пайда болды. Мамандар жұмыс істеп жатыр", – деп хабарлады жергілікті Edesur энергетикалық компаниясы.

Электрмен жабдықтауды толық қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Синоптиктердің мәліметінше, Буэнос-Айрестегі ауа температурасы +36 градусқа жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу