RU KZ
TV
RU KZ
DOW J 25 888,52 Hang Seng 28 336,30 KASE 2 333,00 FTSE 100 7 219,47 РТС 1 177,04 Алтын 1 329,70
$ 376.26 € 425.63 ₽ 5.68
Ауа райы:
-5Астана
0Алматы
DOW J 25 888,52 Hang Seng 28 336,30
KASE 2 333,00 FTSE 100 7 219,47
РТС 1 177,04 Алтын 1 329,70
$ 376.26 € 425.63 ₽ 5.68

Буэнос - Айрестен тағы бір «алтын» алдық

Іріктеу кезеңінде Диас мәреге екінші болып келсе, ширек финалда украиналық спортшыны артта қалдырды.

158 13 Қазан 2018 09:02

Буэнос - Айрестен тағы бір «алтын» алдық, Диас Бахриддин, Жасөспірімдер Олимпиадасы, алтын медаль

Қазақстандық Диас Бахриддин Буэнос- Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында каноеде есуден чемпион атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Іріктеу кезеңінде Диас мәреге екінші болып келсе, ширек финалда украиналық спортшыны артта қалдырды.

Жартылай финалда ол венгриялық Балаза Палладан озды. Палланың уақыт көрсеткіші - 1:57.04, Диастың нәтижесі - 1:54.66

Финалда ол өзбек спортшысы Исломжон Абдусломовпен алтынға таласқан болатын. Тартысты өткен жарыста Диас 1:54.66 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып келді. Абдусаломовтың уақыт көрсеткіші - 1:55.17.

«Өздеріңіз көргендей жарыс өте қиын болды. Дегенмен жеңіске жеттік. Финалда бар күшімді жинап, жеңіске жетуге тырыстым. Өзбекстандық қарсыласым мықты спортшы. Талай бәсекелерде жарысып жүрміз. Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарындағы медальім спорттық мансабымдағы басты жетістігім. Ел қоржынына медаль салғаным үшін өте қуаныштымын»,- деді каноэ есуден жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Диас Бахриддин.

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK