Бүгін, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні.
Дәстүрге сай мерекелік шара Ақордада басталады. Мемлекеттік Күзет қызметінің сымдай тартылған сарбаздары сап түзеп, алдымен президенттің байрағы көтеріледі. Әнұран әуелеп, соңы әскери шеруге ұласады.
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренада ойып тұрып орын алуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өлшеусіз үлес қосып келеді. Экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалары халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. Бүкіл әлем Қазақ елін танып, оның бастамаларына қолдау көрсетіп келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу