Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылады. Биыл Қазақстан бойынша 136 мың түлек мектеп бітіреді, деп хабарлайды 24.kz.
Соның ішінде 6 мың 300-ге жуық оқушы "Алтын белгіге" үміткер болып отыр. Түлектер саны ең көп аймақтардан Оңтүстік Қазақстан облысы көш басында. Одан кейін Алматы облысы мен Алматы қаласы тұр. Алдын ала берген мәліметке сүйенсек, жалпы 95 мың 350-ге жуық түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге тілек білдірген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу