Бүгін 14.00-де жеңілдетілген автокредитке өтінім қабылдау басталады

690

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров бүгін 14.00-де жеңілдетілген автокредитке өтінім қабылдау басталатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бүгін 14.00-де жеңілдетілген автокредитке өтінім қабылдау басталады

"Жеңілдетілген автокредит өтінімдерді қабылдау бүгін сағат 14:00-де басталады. Бірінші болып өтінімді "Центр Кредит" банкі қабылдайды. Бүгінде тек 4 банк автокредит беретінін айттық. Қазір корпоративтік процедуралар өтіп жатыр. Келісімшарттардың мақұлдаудан өткеніне қарай біз кредиттің ақшасын банктерге береміз. Басқа бірнеше банктің өтініші қаралуда. Қосымша банктер бағдарламаға қосылып жатса, оны хабарлаймыз. Ақпаратты сайтқа жариялаймыз, яғни бағдарлама басталды. Бүгін сағат 14.00-де "Центр Кредит" банкі өтінім қабылдайды бастайды", - деді Ринат Гаппаров елордада өткен баспасөз мәслихатында.

"Центр Кредит" банкінің өкілі Гүлжаһан Хамитова бұл ақпаратты растады.

"Бүгін сағат 14.00-де тек автосалондарға жүгінулеріңізді сұраймын. Мұнда банк қызметкерлері бар. Өтінімді солар қабылдайды. Банк бөлімшелерінде өтінім қабылданбайды", - деді банк өкілі.

Дәурен Ерболат

Фото: Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу