Синоптиктер бүгін, 8 қыркүйекте Қазақстанның 15 облысы бойынша қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде және таңертең найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз өңірдің оңтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Түнде облыстың шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Жетісу облысының таулы аумағында, Алакөл ауданында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнайды. Облыстың батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте найзағай ойнайды деп күтіледі. Түркістанда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Ақтауда күндіз найзағай ойнауы ықтимал.
Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өңірде 8-10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда түнде және таңертең найзағай ойнап, бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. 8-10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
8-нен 9 қыркүйекке қараған түні Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді.