Бүгін 15 аймақта ауа райына байланысты ескерту жасалды

106

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Астанада, Алматыда және 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін 15 аймақта ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото: canva.com

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл ауданында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Алматыда түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

Атырау облысының батысында тұман түседі.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

10 қаңтарда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз Жарма ауданында екпіні 23 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының түнде батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болады, тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, 09 қаңтарда күндіз, 10 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу