Онда судья Ержан Жанұзақов айыпталушыларға сот үкімін оқыды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгінгі сот үкімінен соң Ержан Жанұзақов 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полаттың ата-анасы мен әжесінің сотталғандардан моралдық және материалдық зиянды өндіріп алу туралы талап-арызын ішінара қанағаттандырды.
– Азаматтық талап қоюшылар Қ.Нұрымов, Г.Бишимбиева және Ж.Кадированың моральдық зиян мен мүліктік залалды өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылсын! – деді ол.
29 мамырда өткен сот отырысында күдіктілерден қанша миллион теңге моралдық өтемақы талап етілгені белгілі болған еді.
– Жауапкер Абзал Шынасылдан талап қоюшылар Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишимбиева және Жұмабике Кадированың әрқайсысының пайдасына 20 миллион теңгеден моралдық зиян мемлекет кірісіне 1981 теңге баж салығы өндірілсін;
Жауапкер Равиль Сәкиевтен талап қоюшылар Қаржаубай Нұрымов және Жұмабике Кадированың әрқайсысының пайдасына 15 миллион теңгеден моралдық зиян мемлекет кірісіне 1981 теңге баж салығы өндірілсін;
Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Равиль Сәкиев, Азамат Тоқтаубаевтан ортақ тәртіппен Гүлбара Бишимбиеваның пайдасына 10 миллион теңге моралдық зиян өндірілсін;
Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Азамат Тоқтаубаевтан ортақ тәртіппен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 10 миллион теңге моралдық залал өндірілсін;
Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Азамат Тоқтаубаевтан ортақ тәртіппен Жұмабике Кадированың пайдасына 10 миллион теңге моралдық зиян мемлекет кірісіне үлестік тәртіппен 330 теңге баж салығы өндірілсін, – деді Е.Жанұзақов.
Моралдық өтемақыны өз еркімен төлеу үшін сотталғандарға екі ай ғана берілген. Егер осы мерзімде төленбесе, сот актісі мәжбүрлі түрде орындалмақ.
Inbusiness.kz сайтының тілішісі бұған дейін Шерзат Полат ісінде барлық күдіктіге кісі өлтіру бабы бойынша айып тағудан бас тарту ұсынылғанын жазған еді.