Бүгін 172 мың түлек мектеппен қоштасты

556

Алғаш рет "Соңғы қоңырау" 25 мамыр емес, маусымда соғылды.

Бүгін 172 мың түлек мектеппен қоштасты Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін еліміздегі 172 мың жас түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Ал емтихандарын маусымның 5-9-ы аралығында тапсырады деп жоспарланған. Осылайша маусым аяғында қолдарына аттестат алып үлкен өмірге қадам басады. Жалпы биылғы түлектер үшін жаңашылдық көп, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Алғаш рет "Соңғы қоңырау" 25 мамыр емес, маусымда соғылды. Бұған қатысты айтылып жатқан сын да көп. Жауапты ведомство басшысы мектеппен қоштасу мерзіміне қатысты пікірін айтты. Биыл да түлектерге мектеппен қоштасу кешін мейрамханада атап өтуге тиым салынды.

172 мың түлектің 7 мыңға жуығы "Алтын белгіге" үміткер. Қаулы бойынша оқушылар 1 маусымға дейін білім алуы тиіс. Осы күні мектептерде сынып сағаты өтіп, онда жазғы каникул жайы талқылануы керек еді.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бүгін елордадағы 8 мектепте болды. Ол түлектерге сәттілік тілеп, алдағы уақытта соңғы қоңырау мерзіміне қатысты мәселеге бір ай көлемінде нүкте қойылатынын мәлімдеді.

"Осы жүйенің қаншалықты тиімділігін,оның балаларға ыңғайлылығы жағынан қазір үлкен зерттеулер жүргізіліп жатыр. Сол жұмыс тобы өз жұмысын қорытынды шешімін шығарған кезде, мен сол сарапшы топтың ойына байланысты өзімнің пікірімді білдіретін боламын. Енді негізгі нүктені солар қоюы керек", - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Еске салсақ, короновирус індеті өршіп тұрған шақта түлектерге мейрамханада "мектеппен қоштасу кешін" өткізуге тиым салынған еді. Ереже әлі күшінде. Яғни биыл да оқушылар  қымбат ресторандарға шығындалмайды деген сөз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу