Бүгін 2 мегаполисте метеоахуал нашарлайды

409

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялықжағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарайды  inbusiness.kz сайты Қазгидромет РМК-на сілтеме жасап.

Бүгін 2 мегаполисте метеоахуал нашарлайды Фото: inbusiness.kz

"2023 жылғы 21 қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы және Астана қалаларында күтіледі", делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу