Бүгін 3 қалада ауа сапасы төмендейді

853

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бүгін 3 қалада ауа сапасы төмендейді

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, биыл 19 сәуірде Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады деп болжанып отыр. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу