Бүгін 317 астаналық 42500 теңгелік төлем алады – Бақтияр Мәкен

1576

Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік төлемдер аудару басталды.

Бүгін 317 астаналық 42500 теңгелік төлем алады – Бақтияр Мәкен

Коронавирусқа қарсы жарияланған төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған 3000-нан астам елордалық мемлекет көмегіне жүгінген. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты.

"Жұмыссыз қалған азаматтардың онлайн орталығына бүгін тиісті төлем аудару басталады. Әлеуметтік штаб бүгінге дейін 301 жұмыс берушінің 317 өтінішін қарап, төлемге жіберді. Оның көлемі бір адамға 42 000 теңге.  Солардың бәрі бүгіннен бастап тиісті төлемдерін алатын болады. Қазіргі таңда  жұмыс берушілерден 2828 жұмысшыға төлем аудару туралы 480 өтініш қаралып жатыр. Жұмыстан босатылған адамдар туралы сұрақтардың бәрін осы штабқа жолдауларыңызға болады. Өтінімдер онлайн-режимде қабылданып жатыр. Сұрақтар туындаған жағдайда 55-14-87,  55-01-74, 55-69-59 тікелей нөмірлері арқылы немесе 109 call-орталық арқылы кеңес алуға болады. Бұл орталық тәулік бойы жұмыс істейді.  Тіпті болмаса Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына өту арқылы жұмысынан айырылған тұлға ретінде тіркелуге болады. Біз бір-бірімізді қиын-қыстау кезінде ешқашан ұмыт қалдырмаймыз", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу