25 желтоқсан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық ахуал сақталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазгидромет" РМК мәліметіне сүйенсек, дүйсенбіде ауа сапасы тек Алматы, Риддер, Өскемен және Семей қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу